СҚО-да медицина нысандарына 10 млрд 369 млн теңге жұмсалған
456
Солтүстік Қазақстан облысында былтыр денсаулық сақтау саласына 10 млрд 369 млн теңге жұмсалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышканттың айтуынша, өңірде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру маңызды аспектінің бірі. Былтыр облыс медицинасына 10 млрд 369 млн теңге жұмсалған.
Маманның айтуынша, медицина қызметтері қадамдық қолжетімділікте болуы үшін жаңа «Береке», «Жас өркен» шағынаудандарында емханалапрдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл екі жобаға 803,3 млн теңге жұмсалмақ. Былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру 5,7 %-ға артып, 60 %-ды құрады. Ал медицина нысандары инфрақұрылымының тозуы 0,9 %-ға төмендеп, 74,7 %-ға жетті.
СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышканттың айтуынша, өңірде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру маңызды аспектінің бірі. Былтыр облыс медицинасына 10 млрд 369 млн теңге жұмсалған.
«Денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында 268 медициналық техника, соның ішінде заманауи МРТ, КТ аппараттары, ангиограф және рентген аппараттары сатып алынды. Бұдан басқа, көпбейінді облыстық балалар ауруханасының автобазасы жаңа 30 санитарлық автокөлік пен авторефрижератормен толықты. Жамбыл ауданының Благовещенка дәрігерлік амбулаториясына, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка дәрігерлік амбулаториясына, Аққайың ауданының Шағалалы ауылы дәрігерлік амбулаториясына – барлығы 7 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Осы мақсатқа жалпы сомасы 309,2 млн теңге жұмсалды», - дейді Наталья Дышкант.