Қызылордада ішек инфекциясын жұқтырғандардың 84% – балалар

2 309

Фото: Pixabay.comЖыл басынан бері Қызылорда облысында жедел ішек инфекциясын жұқтырған 342 адам тіркелді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ауруға шалдыққандардың басым бөлігі облыс орталығының үлесінде — 96,4%. Жас шамасына қарай жіктесек, 84%  — 14 жасқа толмаған балалар. 

Күн жылынған бойда қауіп еселенеді. Мамандар сырқат негізінен үй жағдайында дайындау технологиясы бұзылған, дұрыс сақталмаған тағамды тұтыну, қайнамаған су ішу, бала күтімі барысында жеке бас гигиенасын сақтамаудан пайда болатынын айтып отыр. Ал көктем және жаз мезгілінде ерте піскен жеміс-жидекті мөлшерден тыс пайдалану жағдайды тіпті күрделендіреді. Көктем басталғалы жедел ішек инфекциясының клиникалық белгілерімен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен 7 науқас жеміс-жидек, бақша өнімін тұтынғаннан кейін өзін жайсыз сезінгенін айтқан. 





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.