Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтер қосымша құн салығынан босатылды

2 585

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіҚазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын төлеуден босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиісті шаралар дәрілік заттардың 3000-нан астам атауын қамтиды, оның 1 200 атауы орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада сату кезінде ҚҚС-тан босатылуға жатады. 


Сондай-ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге ҚҚС салынбайды.

Қосымша қосылған құн салығынан ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын импортталатын фармацевтикалық субстанциялар босатылады.



Бұдан басқа, жаңа Салық кодексіне сәйкес көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу кезінде ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесін қолдану көзделген. 2026 жылғы қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 5 %-ды, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 10%-ды құрайды.

Сонымен бір мезгілде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп рецептілік дәрілік заттарды реттеу мерзімін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.


"2025 жылы шекті бағаны бұзудың 28 фактісі анықталып, жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Дәріханаға барған кезде дәрілік заттардың өзекті бағаларын Dari.kz мобильдік қосымшасы арқылы тексеруге болады.", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.