Елімізде 570 грамм салмақпен шала туған нәресте аман қалды
738
Ақмола облысында салмағы 570 грамм болып туған нәресте перинаталды орталықта 90 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелердің патология бөлімшесінде салмағы 500 грамнан сәл асатын сәбилерді күту және түрлі аурулардан сақтау шаралары жүргізіледі. Бөлімше дәрігерлері шала туған көптеген нәрестенің өміріне араша түсіп келеді.
Перинаталды орталықта жаңа туған нәресте 88 күн болды. Бөлімнің дәрігерлері мен медицина қызметкерлері баланың анасына бөлімшеде сәбиіне күтім жасауға көмектесті. Бұдан бөлек, кейін үйде балаға күтім жасау бойынша ұсыныстар берді. Осыған дейін ақмолалық дәрігерлер 700 және 721 грамм салмақпен туған екі нәрестені құтқарып қалған болатын.

«Биылғы жылдың 17-ші ақпанында аурухананның перинаталды орталығында салмағы 570 грамм сәби дүниеге келді. Жағдайдың ауырлығын және гестация мерзімін ескере отырып, 4 сәуірде нәресте одан әрі емдеу үшін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлерлердің кәсіби шеберлігі мен күтімінің арқасында нәрестенің салмағы 2200 граммға жетіп, 16 мамыр күні үйіне шығарылды», - деп бөлісті аурухананың баспасөз қызметі.