ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АНА: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ТІПТІ ЛЕЙКОПЛАСТЫРЬ ЖОҚ»

5 545

Қызылорда облыстық балалар ауруханасында  МРТ аппаратының жоқтығы жергілікті тұрғындарды алаңдатуда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасы 2016 жылы 200 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасы пайдалануға берілген болатын. Балалар ауруханасының құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 орындық жансақтау бөлімшесі, анестезия және консультативтік-диагностикалық бөлімше жұмыс істейді. Аурухана заманауи озық медициналық құралдармен жабдықталған. Алайда, қызылордалықтар сапалы медициналық көмек алу үшін Алматы немесе Астана қалаларына баруға мәжбүр. Себебі МРТ аппараты заманауи диагностика талабына сай емес. 


Бұл жөнінде Жадыра  Сыздықова өзінің әлеуметтік желідегі Facebook парақшасына жариялады:



«Облыстық Балалар Ауруханасы Қызылорда да аппараттардың жоқтығын мен өз басым 2019 жылдан бастап қақсап айтқанмын әліде айтып жүрмін. Ауруханада аппараттардың жоқ болуына Зоя Рахатқызының және Гүлнұрдың қатысы жоқ оған жауапты Денсаулық Сақтау Басқармасы Қызылорда және Қызылорда Облысының Әкімдігі жауапты. Жыл басында Ажар Гиният келген кезде үкіметтен триллионға дейін қаржы аударылған ол қаржы тура барып Зояның немесе Гүлнұрдың қалтасына аударылмайды қаржыны бөлетін есептейтін Денсаулық Сақтау Басқармасы.  Қызылорда мен Қызылорда облыстық әкімшілігі айран ішкен құтылады шелек жалаған тұтылады дегендей Зояның бұл жерде қатысы шамалы ақшаны жеп қалтасына басып кеткен Сабит Пазылов тексеру керек бұл жерде»,- деген жазба қалдырған болатын.


Сонымен қатар әлеуметтік желіде Сыр медицинасына көңілі толмаған ата-аналардың қатары күн санап артып келеді.


«Қызылордада дәрі тамызып жүре беріңдер деген, сырқат асқынып кеткен екен. Шұғыл ауруханаға жатқызып, анализдерін алып, операцияға дайындаймыз деді. Бір күннен соң операция. 

Операция жасауалдында, тек мұрынемес, құлағына да операция жасаймыздеп, 1 сағаттық операция жасалды. Қазіршүкір балам жақсы, тек толықнаркоздансоңесеңгірепқалғаныболмаса. 

Меніңқаттыашуланғаным, Қызылордалықдәрігерлердіңонсыздақұлағыестімейқалғанбаламның, оданәріқиналыпжүреберуінемүмкіндікберіпқойғаны.Туғанжерімболғасынжамандауғаауызбармайды. Бірақ, шыныменҚызылорданыңмедицинасынакүніңіздіқаратпасын. Меніңтүсінгенім осы! Мен сияқты двойной операция жасатқыңкелмесе, ертерекбалаларыңыздыбіліктімамандарғакөрсетіңіздер.»,- деді Ақтілек Темірбайұлы. 


Ерекше балалардың еміне қажетті дәрі-дәрмек пен қажетті құрал-жабдықтардың жоқ екендігін атап өтті. Алайда Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы МРТ аппараты замануи диагностика талабына сай келмейтіндігін және де жабдықтар күйінде аукционға дайындау жұмыстары жүріп жатқандығын жасырмады.


«Көп бейінді облыстық балалар ауруханасында жылына 17 мыңға жуық бала ем қабылдайды, оның ішінде 5000 дай күрделі ота жасалып балалар аман-есен отбастарына оралады. Үстіміздегі мамыр- шілде айларында облыстық прокуратура тарапынан, құрамында ішкі аудит, облыстық санитарлық эпидемиялық бақылау, төтенше жағдайлар, стандарттау және сертификациялау, еңбек қорғау салалары бойынша 2020 жылдан бастап осы күнге дейінгі жұмысы тексерілді. Тексеру нәтижесі өз бағасын берді. Қазіргі таңда ауруханада КТ аппараты жұмыс жасап тұр, дәрі- дәрмек жеткілікті, лейкопластырь және де басқа да мәселелер шешілген, МРТ аппараты заманауи диагностика талабына сай емес құрамдағы жабдықтарының өндірісте болмауына байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жабдықтар күйінде аукционға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін ауруханаға 18 түрлі құрал- жабдықтар алу жоспарланып отыр. ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық" Кодексінiң 73-3 бабының 2 тармағының талабына сәйкес жалған ақпарат берген тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделген хабарлаймыз.»,- деді Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының баспасөз бөлімінің маманы.


Дертке шалдыққан  бүлдіршіндердің қатары көбеюде. Жасыратыны жоқ, дертіне шипа іздегендер қалтасы көтерсе шетел асып ем қабылдайды, ал енді бірі тіпті тиесілі емнің өзін кешіктіріп алса кейбірі басқа диагнозбен алысып жүргені де жасырын емес. 

 


Айгерім Рахымжанқызы