Стомотолог 3 жасар қыздың 18 тісін бірден емдемек болған: бүлдіршін көз жұмды

1 593

Фото: dentistry.co.ukАстанадағы Dent-Park клиникасында тісін емдеткен 3 жасар қыз ұзақ анестезиядан кейін оянбай көз жұмды. Бұл оқиға бойынша сот процесі жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдайға қатысты отбасының адвокаты ем кезінде медициналық стандарттар өрескел бұзылғанын айтады. Әкесі Талғат Құмаровтың сөзінше, 2024 жылдың 30 қазанында стоматологтар баланың 20 тісінің 18-ін бірден емдеуге тырысқан. Бұған дейін де қыз ұзақ анестезиядан кейін қиындықпен оянған.

Седация таңғы 09:10-да басталып, 14:00-де қыз әлі оянбаған. Жедел жәрдем шақырылып, ұзақ реанимация жасалды, бірақ баланың жүрегі тоқтап, миы ісінген.

Фармацевтикалық бақылау жүргізген тексерістер:

  • Анестезиологтың 7 жылдық балалар тәжірибесі болмаған, соңғы квалификациясы — 2019 жыл;
  • Клиникада мерзімі өткен және сертификатсыз дәрілер болған;
  • Дәрігерлер балалардағы ұзақ седация стандарттарын бұзған.

Клиника директоры анестезиологтың жұмыстан кеткенін растады, бірақ ем жүргізген стоматолог жұмысын жалғастырып отыр. Адвокаттың айтуынша, сараптамаларда екі дәрігердің де кінәсі анықталғанымен, тергеуде тек анестезиолог жауапқа тартылған.

Отбасы жеке клиникаларға балаларға ұзақ анестезия қолдануды қайта қарауды және оқиғаға қатысы бар барлық дәрігерлерді жауапқа тартуды талап етеді.

Анестезиологтың адвокаты сотқа келмегендіктен, іс кейінге қалдырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.