Moderna вакцинасы екпе алғандарды "дельта" штамынан қорғайтыны анықталды

284
АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институттары бастаған топ Moderna вакцинасы екпе алғандарды "дельта" штамынан қорғайтынын анықтады.

"В.1.351 (бета) және В.1.617.2-ні (дельта) қоса алғанда, тексерілген барлық нұсқаларды анықтайтын байланыстырушы антиденелердің жоғары деңгейі барлық субъектілерде алты ай бойы сақталды", - дейді АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының иммунологы Николь Дориа-Роуз. Зерттеушілер толық вакцинацияланған 24 еріктінің қанын бірнеше рет тексерді - Moderna вакцинасының бірінші дозасынан төрт апта өткен соң, содан кейін екі дозамен толық егілген деп есептелгеннен кейін алты айға дейінгі аралықта үш рет тексерілді. Олар тестке ең кең таралған немесе алаңдаушылық тудыратын барлық нұсқаларды енгізді: B.1.1.7 (альфа), В.1.351 (бета), Р.1 (гамма), В.1.429 (эпсилон), В.1.526 (иота) және В .1.617.2 (дельта). 


Екінші дозадан алты ай өткен соң, қан үлгілерінің жартысынан көбінде "бета" нұсқасын толығымен жоятын антиденелер болды. Үлгілердің 96 пайызы "дельта" штамына қарсы антиденелермен толықтай қамтылды. Еске салсақ, бұған дейін Сингапур ұлттық университетінің ғалымдары COVID-19-дың жөтелу немесе түшкіру кезінде ғана емес, әңгімелесу кезінде де жұғатынын анықтаған еді. Одан бөлек, ғалымдар коронавирус инфекциясы ақыл-ой қабілетіне жауап беретін мидың бөліктерін зақымдайтынын анықтаған болатын.