Орталық Азияның 5 елі туберкулезге қарсы бастама декларациясына қол қойды
Елордада 5 елдің денсаулық сақтау министрлері «Орталық Азия туберкулезден азат» бастамасы жөніндегі декларацияға қол қойды, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі .
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының бұл бастамасы Орталық Азия елдерімен және бірқатар мүдделі тараптармен әріптестікте 2030 жылға қарай субөңірдің барлық мемлекеттерінде туберкулезді, оның ішінде дәріге көнбейтін түрлерін жою процесін жеделдетуге бағытталған.
Атап айтқанда, декларацияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлері қол қойды.