Қазақстанда «Pfizer» вакцинасымен 146 мыңға жуық бала егілді

242
12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, елімізде «Pfizer» вакцинасымен 182 мыңнан астам адам егілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, Американың «Pfizer» вакцинасымен қазір жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар егіліп жатыр.

12 желтоқсанға дейін препараттың I дозасын 182 679 адам, ІІ дозасын 15 243 адам салдырды.

Оның ішінде:

І компонентімен - жасөспірімдер – 145 975, - жүкті әйелдер – 10 716, - бала емізетін әйелдер – 25 988.

ІІ компонентімен - жасөспірімдер – 11 202, - жүкті әйелдер – 1 162, - бала емізетін әйелдер – 2 879.

Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу биылғы 15 қарашада басталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.