Pfizer вакцинасын қабылдағандар саны 1,2 млн-нан асты

175
Pfizer вакцинасын қабылдағандар саны 1,2 млн-нан асты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, 
28 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 550 417 адам, екінші компонентін 9 330 780 адам салдырды.

Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Pfizer» вакцинасының алғашқы дозасын 1 233 381 тұрғын , екін
ші дозасын 1 183 829 азамат салдырғанын мәлімдеді. Оның ішінде, бірінші компонентімен жасөспірімдердің 871 036-сы, жүкті әйелдер 41 390-ы, б ала емізетін аналардың 145 131-і қамтылған. Екінші компанентін жасөспірімдердің 852 733-і, ж үкті әйелдердің 39 106-сы, бала емізетін аналардың 140 807-сі алған.

Pfizer вакцинасы балалар, жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге арналған. Басқа топтарға салынбайды.
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, әзірше басқа топтағы азаматтарда Pfizer вакцинасын салдыру мүмкіндігі жоқ. 
"Бүгінде Pfizer вакцинасы үш санатқа жататын адамдарға: 12 жас пен 17 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанынан 42 күн өткен әйелдерге арналған. Басқа топтағы адамдарға бұл вакцина әзірге қарастырылмаған", - дейді Әсел Қалықова ӨКҚ брифингінде.

Бірақ бұл топқа жатпайтындар Pfizer салдыруға өтінім қалдыра алады. Егер доза артық қалса, басқа топтағы адамдарға салынады. 

Жүкті әйел вакцина алса, баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді.
Ол вакцина кезінде тырысқақ, туберкулез сияқты індеттерді жеңуге көмектескенін атап өтті. 

"Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп айта аламыз", - деді Светлана Сұлтанғазиева.