Елімізде 499 043 адам ревакцинацияланды
597
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Вице-премьер қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында Алматы қаласы әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова халықты вакциналау барысы туралы баяндама жасады.
Вице-премьер қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында Алматы қаласы әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова халықты вакциналау барысы туралы баяндама жасады.
Ревакцинация - бұл қайта вакцинация. Екпеден соң пайда болған ағзаның иммун реакциясының күшін сақтау үшін салынады.Әлемдік тәжірибеге сәйкес, кез келген вакцинаның екі компонентін алған адам 6-9 айдан кейін тағы да екпенің қосымша дозасын алу ұсынылған. Себебі, вирустың беті қайтар емес. Онымен қоймай кейбір вакцина жаңа штамдарға қарсы тұра алмайтын көрінеді. Бұдан кейін Президент Қ.Тоқаевтың өзі: «Басқа елдердің көбі ревакциналауды бастап кеткен. Біз наурыз айында бастадық, демек бізге де ревацинация уақыты жетті», – деп тапсырған еді."Қалада вакцина алуға тиіс халықтың саны - 1 313 040 адам. 2021 жылдың ақпан айынан бүгінге дейін вакцинаның 1 компонентімен 1 228 761 адам, 2 компонентпен 1 194 146 адам егілді. 2021 жылдың қараша айынан бүгінге дейін ревакцинациядан 499 043 адам өтті. Бүгінгі күнге Pfizer вакцинасымен 117 554 адам егілді" , - деді қала әкімінің орынбасары.
Ол сондай-ақ қалада 85 вакцинация пункті бар екенін, құрамында 313 адам бар 99 екпе бригадасы жұмыс істейтінін жеткізді. "Вакцинаның барлық түрінің осы айға қалған қалдығы бойынша 1 компонентке — 64 094 доза, 2 компонентке — 90 605 доза, ревакцинацияға — 103 543 доза бар. Жалпы, 258 242 доза бар" , - деп атап өтті Әсем Нүсіпова.