Елімізде 499 043 адам ревакцинацияланды

600

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Вице-премьер қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында Алматы қаласы әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова халықты вакциналау барысы туралы баяндама жасады.

Ревакцинация - бұл қайта вакцинация. Екпеден соң пайда болған ағзаның иммун реакциясының күшін сақтау үшін салынады.Әлемдік тәжірибеге сәйкес, кез келген вакцинаның екі компонентін алған адам 6-9 айдан кейін тағы да екпенің қосымша дозасын алу ұсынылған. Себебі, вирустың беті қайтар емес. Онымен қоймай кейбір вакцина жаңа штамдарға қарсы тұра алмайтын көрінеді. Бұдан кейін Президент Қ.Тоқаевтың өзі: «Басқа елдердің көбі ревакциналауды бастап кеткен. Біз наурыз айында бастадық, демек бізге де ревацинация уақыты жетті», – деп тапсырған еді."Қалада вакцина алуға тиіс халықтың саны - 1 313 040 адам. 2021 жылдың ақпан айынан бүгінге дейін вакцинаның 1 компонентімен 1 228 761 адам, 2 компонентпен 1 194 146 адам егілді. 2021 жылдың қараша айынан бүгінге дейін ревакцинациядан 499 043 адам өтті. Бүгінгі күнге Pfizer вакцинасымен 117 554 адам егілді" , - деді қала әкімінің орынбасары.
Ол сондай-ақ қалада 85 вакцинация пункті бар екенін, құрамында 313 адам бар 99 екпе бригадасы жұмыс істейтінін жеткізді.
"Вакцинаның барлық түрінің осы айға қалған қалдығы бойынша 1 компонентке — 64 094 доза, 2 компонентке — 90 605 доза, ревакцинацияға — 103 543 доза бар. Жалпы, 258 242 доза бар" , - деп атап өтті Әсем Нүсіпова.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.