Емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Елордадағы емханаларда биометриялық тексеріс жүйесі жұмыс істейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Нақтырақ айтсақ, учаскелік дәрігер қабылдауына келген әр науқастың тұлғасы Face ID көмегімен расталып, нақты қабылдауда болғандығы туралы ақпарат тіркеледі.
Тамыздан бастап 2024 жылдың соңына дейін елордалық 48 емханада жұмыс істеп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап республиканың барлық емханаларына дендеп енгізбек.
Қаз
Рус






