Емханаларда Face ID жүйесі енгізілді

2 709

Фото: canva.comЕлордадағы емханаларда биометриялық тексеріс жүйесі жұмыс істейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нақтырақ айтсақ, учаскелік дәрігер қабылдауына келген әр науқастың тұлғасы Face ID көмегімен расталып, нақты қабылдауда болғандығы туралы ақпарат тіркеледі.

Тамыз айының аяғынан бастап, ең алғаш рет біздің орталыққа Face ID енгізді. Оның көмегімен біз науқас нақты түрде қабылдауда болды ма, болмады ма, соны анықтайды. Face ID бар болғандықтан, науқас мен қабылдауда болғаным жоқ деп айта алмайды. Бұл "приписка" деп. Өйткені суретке түсіріледі. Суретке түсіріп, расталғаннан кейін "запись" түсіріледі, – дейді Республикалық алғашқы көмек көрсету орталығы профилактика бөлімінің меңгерушісі Жансая Қалилаева.

Тамыздан бастап 2024 жылдың соңына дейін елордалық 48 емханада жұмыс істеп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап республиканың барлық емханаларына дендеп енгізбек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.