Ауыр халде ауруханаға түскен 86 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

329
Шымкент қаласында ауыр хәлде ауруханаға түскен 86 жастағы қария коронавирустан айығып шықты. Жалғас Сулайманов есімді қария 21 ақпан күні жағдайы нашарлап жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын.
Дәрігерлер компьютерлік томографияның көмегімен жұқпалы дерт жұқтырған қарт кісінің өкпесінің 80% зақымданғанын анықтаған. Медицина мамандары науқасты тез арада жансақтау бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Вирусқа қарсы жүргізілген терапиялық емнің нәтижесінде зейнеткердің жағдайы жақсарып, 4 наурызда жасанды тыныс алу апаратынан алынды. 
«Науқас ауруханаға КВИ инфекцияның ауыр дәрежесімен түсті. Зейнеткерге антикогулянтты, гормональді, оксигенотерапия емдері жүргізілді. Дертінен сауыққан қарт кісі енді үйіне шығарылады»,-дейді жұқпалы аурулар орталығының дәрігері Марлан Қуанышбекұлы.
 Ал, білікті дәрігерлердің еңбегіне қарияның алғысы шексіз. Ол ақ халаттыларға алғысын ақ батамен жеткізді.