БҚО ауылында фельдшерлік пункт ашылды

2 686

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Теректі ауданы Долин ауылында фельдшерлік акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Долин ауылында жобалық-сметалық құны 211 млн 76 мың теңге болатын, жалпы ауданы 341,27 шаршы метр, күніне 25 адамды қабылдау мүмкіндігі бар жаңа фельдшерлік акушерлік пункт ашылғалы отыр. 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін медициналық нысан – Долин ауылы тұрғындары үшін үлкен қуаныш.

Долин фельдшерлік акушерлік пункті қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған: телекардиограф, компьтерлік спирометр, сандық термометр, небулайзер, негатоскоп, стетоскопты танометр, пульсоксометр, электронды термометр, автоклав, вакцина сақтау тоңазытқышы, компьютер жиынтығы сынды заманауи медициналық құралдары бар. Нысанның құрылысын жүргізген мердігер компания – «КАЗ ОКК» ЖШС.

Шараға Теректі ауданының әкім Ә.Мұханбетжанова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Өтешов және аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.