Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды

741
Былтыр өңірде 12 адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

  Қызылордада бір адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін 205 адамды кене шаққан. Олардың арасынан 3 адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына күдікті болған еді.

«Науқастардың 1-уінің диагнозы зертханалық, эпидемиологиялық және клиникалық жолмен нақтыланды. Ал 2-уінің диагноздары зертханалық зерттеу қорытындысы теріс болуына байланысты өзгертілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева

Биыл өңірде 116 елді мекенде кенелер көбеюі мүмкін деген қауіп бар. Атап айтқанда, аудандар бойынша Аралда - 25, Жаңақорғанда - 19, Шиеліде - 16, Қазалыда - 14 елді мекен болса, қалғаны өзге аудандарда орналасқан.