Батыс Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 10 адам іздестіріліп жатыр

2 500

Фото: vstrecha.byБатыс Қазақстан облысында АИТВ диагнозы қойылған 10 адамға іздеу салынған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың қайда екені әзірге белгісіз, сондықтан іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері де тартылған. 

Ведомство мәліметінше, биыл тоғыз айда облыста АИТВ инфекциясын жұқтырудың 44 жаңа жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз. 2025 жылы осы уақытта 55 жағдай анықталған.

Қазір өңірде 755 адам диспансерлік есепте тұр. Биыл АИТВ жұқтырған үш адам қайтыс болған. Былтыр бұл көрсеткіш төрт адам болған.

Сонымен қатар қазір дәрігерлердің бақылауында АИТВ жұқтырған 11 жүкті әйел бар. Олардың алтауы босанған. Ал өткен жылы есепте осындай диагнозы бар 13 әйел тұрған. Оның тоғызы сәби сүйген.

Бұдан бөлек, биыл өңірде бес жастағы баладан да АИТВ анықталған. Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде инфекцияның балаға анасынан берілгені белгілі болған.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, облыста медициналық көмек көрсету, қан құю немесе стоматологиялық емшаралар кезінде АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.