ДДҰ халық медицинасына қатысты жаһандық саммит өткізбек

1 259

17-18 тамыз аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында халық медицинасына қатысты жаһандық саммит өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап.


Кездесуге ғалымдар, дәстүрлі медицина мамандары, денсаулық сақтау саласының мамандары мен азаматтық қоғам ұйымдарының делегаттары, сондай-ақ ДДҰ-ның барлық алты аймағындағы елдердің жоғары деңгейлі делегаттары қатысады.


Ғалымдар мен сарапшылар келесі мәселелер бойынша талқылаулар өткізбек:


• зерттеулер, дәлелдер базасы және жинақталған білімді игеру;

• саясат, деректер және реттеу;

• инновациялар және сандық денсаулық сақтау;

• биологиялық әртүрлілік, халықтардың сауаттылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейсустың айтуынша, дәстүрлі медицина тиімді әрі қауіпсіз түрде дәстүрлі тәжірибеге біріктірілсе, медициналық қамтуды кеңейтуге ықпал ете алады.