Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды

778

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Былтыр өңірде 12 адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

  Қызылордада бір адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін 205 адамды кене шаққан. Олардың арасынан 3 адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына күдікті болған еді.

«Науқастардың 1-уінің диагнозы зертханалық, эпидемиологиялық және клиникалық жолмен нақтыланды. Ал 2-уінің диагноздары зертханалық зерттеу қорытындысы теріс болуына байланысты өзгертілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева. 

Биыл өңірде 116 елді мекенде кенелер көбеюі мүмкін деген қауіп бар. Атап айтқанда, аудандар бойынша Аралда - 25, Жаңақорғанда - 19, Шиеліде - 16, Қазалыда - 14 елді мекен болса, қалғаны өзге аудандарда орналасқан.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.