Құтыру - қауіпті ауру
354
№3 калалық емхана мәжіліс залында қызметкерлер арасында «Құтыру ауруының эпидемиологиясы, клиникалық көріністері мен емдеу, алдын алу және сақтану жолдары» тақырыбында семинар сабақ өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жиында құтыру ауруын болдырмас үшін үй жануарларынан жарақат алған жағдайда аймақтың дәрігерлері мен мейірбикелері баса мән беріп, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну мен антирабиялық екпенің тиісті турларын алдыруды түсіндіру керектігі айтылды.
Емхананың эпидемиолог дәрігерi Гүлнұр Ильясова «Қала көлемінде құтыру ауруының эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу жолдары, індетке қарсы атқарылатын іс-шаралар» және "ҚР ДСМ-нiң 20.11.2021 жылғы #114 Аса қауiптi инфекциялық аурулардың алдын алу және жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар" бұйрығының 6-тарауы тақырыбына кеңінен тоқталды.
Бағдарлама барысында «Құтыру ауруының эпидемиологиясы, диагностикасы мен клиникалық белгілері, жұғу жолдары мен алдын алу және сақтану шаралары» тақырыбында кең ауқымды түсіндірмелі презентациялық слайд көрсетілді.
- Құтыру – вирустармен шақырылатын, орталық жүйке жүйесін зақымдау арқылы, соңы өлімге алып келетін аса қауіпті жұқпалы ауру болып табылады. Жұғу жолы – жануардың тістеуі кезінде немесе теріні сілекейлегенде жұғады.
Негізгі клиникалық белгілері: жануар тістеген жер ауырады, қызарып ісінеді, науқас өзін нашар сезініп, басы ауырады, ОЖЖ-де өзгерістер мен ауытқулар болады, ұйқысы нашарлайды, судан,жарықтан қорқады, жүрек тұсында қысылу белгілері пайда болады.
Науқас адамдармен немесе жануарлармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын сақтап, қорғаныш киімдерді пайдаланған жөн, сонымен қатар құрал-саймандарға, бөлме-жайларға, қондырғыларға дезинфекция жүргізу қажет.
📌 Адамдар арасында құтыру ауруының алдын алудағы ең маңызды шара – жануардан жарақат алған кезде міндетті түрде дәрігерге көрініп, оның нұсқауы бойынша құтыру ауруына қарсы тиісті антирабиялық егулерді үзіліссіз толық алуы тиіс.