2 жасар сәбидің асқазанынан 105 түйір магниттік моншақтар шықты

2 670

Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасыАлматыда хирургтер шұғыл ота жасап, 2 жасар баланың асқазанынан магнит моншақтарын алып шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.




Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 ақпан күні Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 2 жас 3 айлық бала бөгде зат жұтуы мүмкін деген күдікпен жеткізілген.

Рентгенография жасаған кезде баланың асқазанында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталған.


"Дәрігерлер бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты. Алайда магниттердің тығыз жиналуының кесірінен бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу – лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды.", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.


Операциядан кейін бала жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.