Елімізде медсақтандыруға төленетін төлемнің тәртібі өзгерді

2 662

Фото: gov.kzЕлімізде ұзақ мерзімге демалысқа шығатын жұмысшыларға төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаражат аударудың тәртібі өзгерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Енді бухгалтерлер әр қызметкердің демалған айына төлемді теңдей бөлуі керек. Мысалы жұмысшының ақылы еңбек демалысы екі айға созылса, төлем оның жұмысқа келмеген уақыттарына пропорционалды түрде бөлінеді. Сонда қызметкерге 12 ай бойы төлем жүріп тұрады. Тиісінше медициналық сақтандыру қорына қарыз болмайды.


Қор өкілдерінің мәліметінше, көбіне есепшілер дәл осылай ұзақ уақытқа демалысқа шыққан жұмысшылардың төлемін есептегенде қателеседі. Былтыр соның кесірінен 190 мыңға жуық адам медициналық сақтандыру қорына берешек болған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.