Дәрігерлер 13 өндірістік жарақат дерегін жасырып келген

2 514

Фото: pixabay.comАтырау облысындағы Мақат аудандық ауруханасының дәрігерлері 13 өндірістік жарақат дерегін жасырып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі саласына прокурорлық тексеру кезінде анықталып отыр. 


«Медициналық ұйымның қызметкерлері 13 өндірістік жарақат фактісі жасырған. Аталған фактілер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген. Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айрылды. Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының 1-бөлігімен (Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.