Ажар Ғиният немересі вакцина алғаннан кейін өзін қалай сезінгенін айтты

2 516

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 5 жастағы немересіне қызылшаға қарсы вакцина салдырғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомство басшысының айтуынша, екпеден кейін бала өзін жайсыз сезінуі мүмкін.


9 жастағы немерем 6 жасында екпе алды. 5 жасар немерем де вакцина салдырды. Төртінші күні оның температурасы көтеріліп, құса бастады. Дәрігерлер мұны екпеден болған деп түсіндірді. Бір күннен соң аурудың белгісі байқалмады. Сізге жағдайдың қалай болғанын өзгертпей айтып бердім, - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін 104 мың балаға екпе салынбағаны хабарланған еді. Бүгінде елімізде қызылша ауруы өршіп тұр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.