Тұмау мен коронавирус бір уақытта жұғуы мүмкін

297
Инфекционист-дәрігердің айтуынша тұмау  мен коронавирус бір уақытта жұғуы мүмкін- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Инфекционист-дәрігері Шолпан Әуелбекова айтуынша, тұмау әдетте желтоқсан-ақпан айларында өршиді. Тұмау да, коронавирус та жіті жұқпалы аурулар. Бастапқы кезеңде екеуінің белгілері ұқсас келеді. Сондай-ақ вирустардың екеуі де ауа-тамшы жолы және тұрмыстық байланыс арқылы жұғады. Алайда, коронавирус қарапайым тұмауға қарағанда – ауыр. Бұл індеттің асқыну пайызы жоғары- деді ол.

«Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Қолды жиі жуып, антисептик қолдануды тоқтатпаған жөн. Ең бастысы, вакцина алу керек. Бұл – аурудың алдын алудың бірден бір жолы», - деді дәрігер.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.