Екі миллионнан астам қазақстандық вакцинаның екінші компонентін алды

238

Фото: pixabay.comДенсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда вакцина салдырғандардың санына қатысты ақпаратты жариялады.


Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін жалпы 3 335 172 адам салдырған. 


Екінші компонентті салдырғандардың саны - 2 000 596 адам. 


Айта кетсек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың қарқыны айтарлықтай өскенін, нәтижесінде соңғы апта ішінде вакцина салдырғандардың саны 1,6 есеге, яғни 254 мыңнан 405 мыңға дейін артқанын айтқан болатын. 


Ал Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғысы келетіндердің саны бес есе артқан. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.