Коронавирус салдары өмір бойы сақталуы мүмкін

217
Коронавируспен ауырған адамдарда сырқат салдары үш айдан өмір бойына дейін сақталуы мүмкін.

"Көп жағдайда постковидтік синдром байқалады. Адамдардың төрттен үш бөлігінде бұл синдром он екі аптаға дейін созылады. ал қалғандарында 12 аптадан өмір бойына дейін жалғасуы ықтимал", - деді жоғары санаттағы дәрігер Алексей Водолазов. 


Оның айтуынша, бұл синдромның белгілері жиырмадан алпысқа дейін жетеді. Мәселен, бас, буын, бұлшықеттер, кеуде тұсы ауырып, ұйқы бұзылуы мүмкін. Кей кезде депрессия болып, когнитивтік функциялар өзгереді. 


Дәрігер мұндай жағдайдың себебі әлі белгісіз деп отыр. Ол сырқаттан тез қалыпқа келу үшін жаттығулар жасап, көбірек жүруге кеңес берді. 


Коронавирустан кейін жүйе жүйесін ретке келтіруге де мән беру керек.