Фельдшерлер бейнежетондар таға бастады

2 478

Фото:Видеодан кадр: t.me/DenMinPRАстана мен Алматыда фельдшерлерге арналған смарт-бейнежетондар сынақтан өтуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәлімдеуінше, жоба жедел жәрдем қызметкерлерінің шақырту кезінде қауіпсіздігін арттыруды көздейді. Смарт-бейнежетондар фельдшерлерге қызмет барысында шабуылға, жанжалға немесе агрессиялық әрекеттерге тап болған жағдайда құқықтық қорғау шараларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жабдықты баптау аяқталды және қызметкерлерге нұсқау берілді. ІІМ Жедел басқару орталығымен Интеграция аяқталды. SOS сигналы мен бейне сигналы автоматты түрде ІІМ жүйесіне беріледі", - дейді министрлік өкілдері.

Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша смарт-бейнежетондарды еліміздің басқа да өңірлерінде енгізу мәселесі қарастырылмақ.