Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы нені білуі тиіс?

2 119

Қызылорда облысында МӘМС жүйесінде халықтың 84 пайызы, яғни 680 394 адам, сақтандырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі - халықтың сақтандырылу мәртебесі. Қызылорда облысында МӘМС жүйесінде халықтың 84 пайызы, яғни 680 394 адам, сақтандырылған. 126 196 адам сақтандырылмаған (халықтың 16 пайызы). Олардың арасында бюджеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері аз емес. Жұмысшылардың сақтандырылмауының себептері қандай? Осы сауалмен біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовке жүгінген едік.


Қор филиалының басшысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3 пайызы құрайтынын еске салды. Аударымдардың ең жоғары сомасы 21 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3 пайызы болып саналады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2023 жылы табыстарының 2 пайызды құрады. Жарнаның ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2 пайызы болып саналады.


Егер қызметкердің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек? 


Ең алдымен, 12 ай ішінде жіберілген төлемдердің мәртебесін тексеру қажет (мысалы, осы жылдың наурыз айынан өткен жылдың наурыз айына дейін).


Егер төлемдер қайтарылған болса, қарыз бен өсімпұлды төлеу қажет. Төлем құжаттарын толтыру кезінде төлеуші ЖСН, жеке деректерде, төлем мерзімдерінде және т. б. қателіктер жібереді. МӘМС-ға қате аударылған төлемдерді қайтаруға болады, бірақ басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес. 


Ақшаны қайтару үшін өз аймағындағы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына хабарласу қажет (мекен-жайларды https://gov4c.kz/ сайттан табуға болады). Өтінішті толтырғаннан кейін оған төлемді растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасы немесе банктен анықтамасы) қоса беріп, қол қойыңыз. Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады және ақша төлем жасалған тәртіпте қайтарылады. 


Өтініште деректердің дұрыс толтырылмауы, төлемді растайтын құжаттардың жоқтығы, ақпараттық жүйелерден растаудың болмауы, сондай-ақ қайтаруды шетелдік азаматтың ресімдеуі - Мемлекеттік корпорацияның қайтарудан бас тартуына себеп бола алады.


Егер қызметкер төлемдер болмаған кезеңде ақысыз демалыста болса, онда осы кезеңдер үшін дербес төлеуші ретінде төлеу керек. 2023 жылы ай сайынғы жарна сомасы 3 500 теңгені құрайды (1 ЕТЖ-дан 5 пайыз).


Барлық төлемдер түскеннен кейін сақтандыру мәртебесі үш жұмыс күні ішінде беріледі.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы МӘМС төлемдерін жүзеге асыру кезінде жұмыс берушілер мен қызметкерлер қандай қырларына назар аудару керектігін хабарлайды.


Бас сарапшы Айгүл Аханованың айтуынша, жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс. 


Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі: 


аударымдар - оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді - 2023 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрайды.


Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% - дан аспауы керек (3%*10*70 000=21 000 теңге); 


жарналар - оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды. Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 еселенген ЕТЖ - 2% (2%*10*70 000=14 000 теңге).


Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 6 жеңілдікті санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. 


Бұл санаттар: балалар; зейнетақы жарналарын алушылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар; жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар.


Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады. 


Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 1 наурызға дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 47,8 млрд. теңге аударды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры хабарлады.


Аударылған қаржының 29,8 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 18 млрд. теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 


Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. 


Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз оларды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандарына байланыс арналары арқылы сұрай аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.


Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.