Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 143 мың теңгеден асты

2 191

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек ТауекеловЕңбек және залықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 44,3 миллиард теңгеге зейнетақы төленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгеге тең болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды.

2025 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес:

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 6,5%;

Ынтымақты зейнетақы – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ұлғайтылды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңге болды.  Оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін ұлғайып, 50 851 теңге тең болды”, – деп мәлімдеді министрлік.

1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 465 мың адам.

Ведомство 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескеріліп, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.