Қытай мен Сингапур ғалымдары жаңа вирусты анықтады

208

Қытай мен Сингапур ғалымдары Қытайда кем дегенде 35 адам жұқтырған генипавирустың жаңа түрі “Ланья” анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: pixabay.com

Ауру симптомдарына қызу көтерілуі, әлсіздік, құсу және жөтел жатады. Вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігі әлі анықталмаған. 


Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларынан “Ланья” (Langya henipavirus, LayV) вирусын жұқтырған 35 науқас анықталды”,- деп жазды Пэнпай басылымы.


“Ланья” вирусы ғалымдардың пікірінше 
“Нипах” вирусына ұқсайды. Бірақ әзірге жұқтыру жағдайлары өлімге әкелетін немесе өте ауыр болмаған.


Нипах вирусы – мидың қабынуымен (энцефалит) немесе тыныс алу органдарының ауруымен сипатталатын күрделі ауруды тудыратын вирустың бір түрі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.