ТІСІ БАРДЫҢ – ЫРЫСЫ БАР
902
Адам денсаулығының басты құралы – тіс. Оның атқаратын қызметтері де орасан зор. Атап айтатын болсақ, ас қабылдауға көмекші, әрі әдемі күлкінің көркін келтіруші, саулықтың белгісі. Тістің адам өміріндегі рөлі қай заманда болмасын маңызды екені барлығына мәлім. Егер бұрынғы заманда ауырған тісті жұлудан басқа амал болмаса, қазіргі таңда оны емдеп қана қоймай, түзету арқылы оны көркем етіп көрсетуге де болады. Осындай мүмкіндіктерге қарамастан тіс дәрігерінің жұмысы азаяр емес. Өйткені тіс емделуіне қойылатын талаптар күшейіп, тіс дәрігерлеріне қойылатын талап та күшеюде. Тіс емдетудің қыр-сырын білу үшін біздің «Opennews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Қызылорда облысының білікті мамандардың бірі «Фарид Дент» стоматологиясының дәрігері Сайфулмаликов Фарид Мухитдинұлымен сұхбат құрған болатын.
Қайырлы күн, Фарид мырза! Алғашқы сұрағым мамандығыңыз бойынша қайда білім алдыңыз? Және де стоматолг қызметінде жүргеніңізге қанша уақыт болды?
-Қайырлы күн! Бірінші Қызылорда қаласындағы медициналық колледжін бітірдім. Екінші рет Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи университетін бітірдім. Бұл салада жұмыс жасап жатқаныма 10 жыл уақыт болды.
Тіс күтімі жайлы айта кетсеңіз? Тісті қалай күту қажет және адамдардың осы тіс күтіміне байланысты жіберетін қателіктерін айта кетсеңіз?
-Қазіргі таңда ауыз куысының күтімі өте күрделі. Бірінші қателік ауыз кусын дұрыс тазаламағаннан болады. Екінші қателік тіс дәрігеріне тұрақты қаралмауынан болады. Ауыз куысын күніне 2 рет тазалап тұру керек. Тіс тазалағанда көбіне тіс щеткасы мен тіс пастасына мән беру керек. Ауыз қуысын тазалаған кезде үстінгі тіс жиегінен төмен қарай тазалау керек.
Қанша уақыт аралығында тіс емделуі керек және тазалағанда сұйықтықтың қандай түрін пайдалануға кеңес бересіз?
-Тіс пастасын пайдаланғаннан бұрын тіс щеткасының жұмсақтығына мән беру керек. Тіс тазалағанда 3-4 минут тазалау керек. Ауыз қуысын тазалағанда жай тазалап қоймай, қызыл иекке массаж жасап отыру керек. Тіске арналған сұйықтықтың құрамында фтор, хлорофиль, кальций қоспасы бар сұйықтықты алу керек. Ал, стоматологқа кем дегенде жылына 1 рет қаралып тұрған дұрыс. Себебі тіс жегісі не болмаса оның үгітілуі мен зақымдануына ұшыратады.
Қазір стоматологқа тіс емдету үшін емес, сән үшін келетіндер көбеюде. Яғни, түрлі технологиялар арқылы қисық тістерді ағарту деген секілді. Алайда мұның қымбат екенін естиміз. Брекет арқылы тісті туралау қаншалықты қымбат?
-Жалпы тістің қисық орналасуы шайнау қызметіне кері әсерін тигізеді. Сол үшін тісті түзеткен дұрыс. Асты дұрыс шайнамай жұту да адамның барлық органдарына кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда қисық тістерді түзетуге арнайы брекет қойылады. Брекеттерді тек бір рет қана салып қойғаннан түзеліп кетпейді. Оған жылдаған күтім қажет. Жалпы брекеттін резинасын ай сайын ауыстырып отырылуы қажет. Сонымен қатар тісті түзулеп қана қоймай, оны ағартуға болады. Жалпы тісті ағартқанда да оның эмальдарына зақым келтірмей ағартамыз. Әрбір тұтынушының жеке басына, яғни ауызқуысындағы ахауларына байланысты қарастырылады.
Қазіргі таңда тіс емдетудің орташа бағасы қанша?
- Негізінде тістің диагнозына байланысты болады. Жалпы орташа бағасын айтқанда тіс емдетудің бағасы 3000 мың теңгеден 15000 мын теңгенің аралығы.
Тіс дәрігерін қалай таңдау керек? Ең қымбаты ең сапалысы дегенді білдіре ме?
-Барлықтары өз ісінің маманының иесі болып табылады. Жалпы тіс емдетуде мықты тәжиребелі мамандарға барған дұрыс. Өз білімін одан әрі жетілдіріп, жаңа технологиялар мен жаңашылықты іздеуден талмайтын маманға жүгінген жөн.
Заманауи технологиялардың арқасында тісті емдеу арқылы оны аман алып қалуға болады. Тісті жұлу өткен заманның әдісіне айналып барады. Дегенмен, кейде тісті жұлатын жағдайлар болады? Сол жағдайда атай аласыз ба? Қандай жағдайда тіс жұлып тастайсыздар?
-Бүгінде медицина саласында ең қарқынды дамып келе жатқан стоматология саласы. Өйткені көптеген аппараттар шығып жатыр. Бұрында тіс ісіп, босап тұрса жұлып тастайтын едік. Ал қазір олай емес, тіс босап тұрса да, арнайы аппараттармен аман алып қалуға болады. Егерде қатты босап, 4-ші дәрежеге дейін барса онда амал жоқ жұлып тастаймыз.
Стоматологиялық аппараттар қайда жасалады? Оның нарықтағы бағасы қанша және де олардың жарамдылық мерзімі бар ма?
-Стоматология аппараты Украина, Қытай, Германия, Корея елдерінде жасалады. Баға жағына келетін болсақ, ең тиімдісі Қытай елінен жасалатын аппарат 3 -7 миллионға дейінгі сомманы құрайды. Корея мен Германия елінен шыққан аппарттардың бағасы 18 миллионға дейін барады. Олардың жарамдылық мерзімдеріне келсек, 3-4 жылда ауыстырылып отырады. Ал инструменттерді жылда ауыстырамыз.
Жасанды тістердің өздеріңіз жасайсыздар ма, әлде қалыбын алып арнайы жасайтындарға бересіздер ме?
-Біздер енді тістің қалыбын аламыз сосын арнайы лабораторияға береміз. Сол жақта арнайы жасалады. Әрбір азаматтың тіс өлшеміне байланысты құйылады.
Өз тәжірибеңізде қандай да бір есте қаларлықтай сәттер болды ма?
-Ия әрине, жұмыс болғасын түрлі жағдайлар болып тұрады. Бұрында адам аузынан қалып алатын кезде гипспен алатын едік. Сол кезде гипс қатып қалып, ала алмай қалған кездер болды. Қазір енді барлығы дамығандықтан жұмсақ резиналар мен слепоктық материалдармен аламыз.
Қазақстанда тіс имплантациясын жасау қаншалықты дамыған деп ойлайсыз?
-Қазіргі таңда Қазақстанда имплант жақсы дамып жатыр. Менің өзім Корейский имплантпен жұмыс жасаймын. Кейбір адамдар алмалы-салмалы қалыптан қиналғандықтан, осы имплант аппаратымен салып беруімізді сұрайды. Халықтың сұранысы жоғары.
Тіс ауруының салдарынан адам өліміне әкеліп соқтырады ма?
-Ия әрине, болып тұрады ондай жағдайлар. Егер күтім жасалмай, ем қабылданбай қатты асқынып кетсе, сондай ауыр жағдайға әкеп соқтырады. Себебі тіс адам өміріндегі ең басты фактор. Олай дейтініміз, сөйлеу мәнері мен ас қорыту үшін басты қызмет атқаратын болғандықтан бәрі бір-бірімен жіті байланыста.
Қазақ даналығы тісі бардың, ырысы бар деген екен. Осы орайда өз асыл маржандай тізілген тістерімізді саулықта ұстайық !
журналист,
Ғалия ЖАЛҒАСОВА