19 жастағы футболшы ойын кезінде көз жұмды: Дәрігерлер ресми мәлімдеме жасады
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жас футболшының қазасына қатысты ресми мәлімдеме таратты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жас футболшының қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады. 2006 жылы туған жас азамат клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілген. Ведомство ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, жедел жәрдем қызметі оны оқиға орнынан дереу алып кеткен. Науқас медициналық мекемеге түскен сәтте тіршілік белгілері байқалмаған. Сондай-ақ жүрек соғысы мен қан қысымы болмаған, қарашықтары кеңейіп кеткен.
Қайғылы жағдайдың нақты себеп-салдарын анықтау мақсатында марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Басқарма өкілдері көз жұмған жас спортшының жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
Бұған қоса “Хан-Тәңірі” клубыда футболшыға жедел көмек көрсеткендерін, аман алып қалу үшін барын салғандарын айтуда.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлімнің себептері жан-жақты зерттеліп жатыр.