Абу-Дабидегі қонақ үйде Хабибтің інісі UFC-дің экс-чемпионына шабуыл жасады

2 500

Фото: ©Видеодан скринӘбу-Дабиде дағыстандық файтер Усман Нүрмағанбетов достарымен бірге гүржі файтері Мераб Двалишвилимен ерегісіп, оны соққыға жықты. Гүржілік файтер кейін қан-жоса болған бет-әлпетін көрсетті, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы атанған файтер өзінің Instagram парақшасына төбелестен кейінгі бейнероликті жариялады. Двалишвили бұл істің дұрыс емес екенін тілнге тиек ете отырып, оның еркек емес, езге теңеді.

Мераб өз үндеуінде Әбу-Дабиге досымен бірге келгенін айтты. Оның айтуынша, Усман Нұрмагомедов пен оның бірнеше жолдасы олардың артына жасырынып келіп, шабуыл жасаған.

“Егер жекпе-жек туралы сөйлескің келсе, оны еркекше шешейік. Біз досым екеуіміз ғана жүргенде келіп ұрып кеттіңдер. Бұл не сұмдық бауырым? Біз қан жоғалтамыз, жекпе-жекке шығамыз, төбелесеміз. Ал сендер еркек емес, езсіңдер”, – деді Мераб Двалишвили.

Сондай-ақ, ол кәсіби файтерлердің спорт алаңынан тыс жерде неге мұндай әрекеттерге баратынын түсінбейтінін атап өтті. Ал бұған жауап ретінде Усман Нұрмағанбетов тарапынан жаупа жоқ.

Мераб Двалишвили 2024 жылдың қыркүйегінде Шон О'Мэллиді жеңіп, UFC-дің ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Алайда, 2025 жылдың 7 желтоқсанында Лас-Вегастағы UFC 323 турнирінде грузин төрешілердің бірауыздан шешімімен Петр Янға есе жіберіп, титулынан айырылды.

Усман Нурмагомедов – ешқашан жеңілмеген ресейлік ММА файтері, жеңіл салмақтағы қазіргі PFL чемпионы және бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере ағасы. 2026 жылғы қарашадағы жағдай бойынша оның рекорды - 22 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.