Футболдан Еуропа чемпионаты: Турнирдің үздік ойыншысы белгілі болды

245
UEFA бүкіл ойыншылардың мүмкіндігін сараптай отырып бұл атаққа Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма лайық деген қорытындыға келді. Қақпашы өзінің небәрі 22 жаста екеніне қарамастан ұлттық құрама сапында 33 кездесуде жасыл алаңға шығып үлгерген. Ол биылғы құрлықтық дода финалындағы пенальти сериясында екі соққыны қайтарды. Осылайша Италияның Англияны жеңуіне үлес қосып, жеңімпаз тұғырынан көрінді. Айта кетейік, Джанлуиджи Доннарумма Еуропа чемпионатында өз құрамасының негізгі қақпашысы болды. Тек топтық кезеңдегі Уэльспен өткен жеңісті ойын соңында оны әріптесі Сальваторе Сиригу алмастырды. Ол құрлықтық додада 719 минут жасыл алаң төрінен көрінді. Бұл - аталған турнирге қатысқан барлық футболшыдан жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, ол топтық кезеңде өзінің қақпасына бір де бір гол жіберген жоқ. Еске салайық, 11 шілде күні финалда Италия Англияны жеңіп, құрлықтық доданың чемпионы атанды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.