Канвон-2024: Қазақстан хоккей құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

2 542

Фото: olympic.kzЖасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 3x3 хоккейден кезекті жеңіске қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бүгін, 23 қаңтарда қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңдегі тағы бір ойынын Испания командасына қарсы өткізді. Кездесу Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды (14:4). Бұл жеңіс топта 4-орынға шығуға мүмкіндік берді. Топтық кезеңдегі соңғы ойын бүгін өтеді. Қазақстан командасы Ұлыбритания ұлттық құрамасымен кездеседі. Еске салайық, Қазақстан хоккей құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы ойынын Польшаға қарсы өткізіп, 18:8 есебімен жеңген болатын. Кейін ұлттық құрама Австриядан 9:8, Латвиядан 11:15, Даниядан 8:6 есебімен жеңіліп қалды. Десе де топтық кезеңдегі төртінші ойында қазақстандық хоккейшілер Тайбэйді ірі есеппен ұтқан еді. Айта кетейік, Канвон-2024 Олимпиадаcы 1 ақпанға дейін жалғасады. Дүбірлі додаға елімізден 41 спортшы барды. Олар 5 спорт түрінен 9 дисциплина бойынша бақ сынап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.