Лионель Месси: «Барселонаға» оралмаймын

309
Әлем чемпионаттарында топ жарып жүрген  футболшы Лионель Месси «Барселонаға» әзірше оралмайтынын мәлімдеді  - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Diario Sport мәліметінше, Мессидің әкесі каталониялықтармен хабарласты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мессидің отбасы мен клуб басшылығы арасында 8 тамыздан бері байланыс болмаған. «ПСЖ» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жеңіліп қалғанына қарамастан, Месси париждік клубпен екі жылдық келісімшарты аяқталғанша командадан кетуді жоспарлап отырған жоқ. Дегенмен футболшының клубпен қарым-қатынасы жақсы.

 Ол карьерасын аяқтаған соң Барселонада тұруды жоспарлап отыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.