АҚШ-та төрт қазақ жігіті бір кеште өнер көрсететін болды

453
4 маусым күні АҚШ-тың Миннесота штатында 4 бірдей жерлесіміз шаршы алаңға шығатын болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында ғана әуесқой боктсан  ауысқан Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Бұған қоса ешбір жеңіліс көрмей келе жатқан Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов та кезекті рет өз мықтылығын дәлелдемек. Олар американдық Стивен Фултон және Даниэль Роман айқасының андеркардында шығады. Кейінгі екеуі жеңіл салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Айта кетейік, қазақстандық «Сүлеймен Промоушен» қанатының астындағы боксшылар бірер ай бұрын Сауль Альварестің жаттығу лагерінде болып, бірлескен дайындық жүргізді. Бұған қоса төрткүл дүниеге танымал промоутер Боб Аруммен кездесті. Ол «қазақ жігіттері алдағы бірер айда Американы тәнті етеді» деген пікір білдірген еді.