Жас дзюдошылар Еуропа кубогының жүлдесін иеленді

1 562

Маңғыстаулық спортшылар дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогының жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Грузияның Гори қаласында дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогына барлығы 16 елден 300-ден астам спортшы қатысқан.


«Қазақстан жасөспірімдер құрама командасында өнер көрсеткен маңғыстаулық екі спортшы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда Гүлдана Теңелбаева +70 салмақта дәрежесінде бақ сынап күміс жүлдегер атанды. Гүлдана 1 және 2 кездесуінде грузин спортшыларын жеңіп, ал 3 кездесуінде қазақстандық спортшыны жеңіп, финалға шықты. Ақтық кездесуінде қырғыз спортшысына есе жіберді», - делінген баспасөз мәліметінде.


Сондай-ақ, 60 келіде белдескен Қанат Нұргелді Европа кубогының қола жүлдегері атанды.


Қанаттың жеке бапкері Нұрлыбай Серғазиевтің айтуынша, спортшы 1 кездесуде армяндық спортшыны жеңіп, 2 кездесу Грузия елінің спортшысына есе жіберді.


Одан қанағаттандыру белдесулерінде израилдық және грузиндік спортшыларды жеңді.


Ал, 3-орынға белдескенде Грекия елінің спортшысын ұтып, қола жүлдегер атанған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.