Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

2 664

Фото: Olympic.kzҚазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді, сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.