Футболдан "Ақжайық" командасы бірінші лигада топ жарды

1 503

Ел біріншілігінің 10-турында Оралдың «Ақжайық» командасы ірі есеппен жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық маман Игорь Прохницкийдің шәкірттері өз алаңында «Астана-Жас» командасын қабылдады.


Бірінші таймда ресейлік Евгений Кобзарь 16-минутта есеп ашты.


Екінші кезеңде биылғы маусымда нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүрген шабуылшы Арман Смайлов алаңға шықты. Алдымен украиналық Микола Агапов 53-минутта чемпионаттағы кезекті голын соқты. Содан кейін А.Смайлов 57-минутта матчтың нүктесін қойды.


Тоғыз ойыннан кейін 19 ұпай жинаған «Ақжайық» үздік үштікте келеді.


Осы турда «Тұран» сырт алаңда «Академия Оңтүстік» командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Түркістандықтар 22 ұпаймен екінші орында тұр. Ал біріншілікте 25 ұпаймен Семейдің «Елімайы» бұрынғыша көш бастауда.


Оралдықтар келесі кездесуін 8 маусымда сырт алаңда «Жас Қыранмен» өткізеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Ақжайықтың» «Қайрат-Жастарды» ойсырата ұтқанын жазған едік.


Футболдан Қазақстан кеңейтілген құрамасына кімдер шақырту алғаны белгілі болды.