Олимпиада чемпионы Серік Сапиев ойын барысында жұдырық ала жүгірді

1 802

"Naiza 49" жобасы аясында ұйымдастырылған "Batyrball" жарысында олимпиада чемпионы қарсылас команда мүшесіне жұдырық ала жүгірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Batyrball" ойыны "NAIZA" лигасында енді танылып келе жатқан жаңа спорт түрі. Ол ММА (тор), баскетбол (доп және сақина), регби (ойын снаряды үшін күрес) және күрес (қарсыластарды ұстау/блоктау) элементтері біріктірілген. Аталмыш ойын барысында,  Олимпиада чемпионы  еркін күрес шебері Зелимхан Мусихановпен ұстасып қалған чемпион ашуға булығып, жұдырық ала жүгіреді. 

Қазіргі таңда Серік Сапиевтің бұл әрекеті тіпті қызу талқылануда. Тіпті боксшы жас жігітті ұрып жіберген. Спортшылар арасындағы түсініспеушілік Алматыда өткен "Batyrball" жарысында орын алған.


Оған себеп еркін күрес шебері Зелимханның Серік Сәпиевті шаршы алаңда жерге алып ұрған сәтінен бастау алған. Басына көтеріп, жерге шалқадан құлатқан палуанның әрекетіне шыдамаған олимпиада чемпионы оны ұрып жіберді. Қос команда арасындағы ойын аяқталғаннан кейін екі спортшы арасындағы қақтығыс дәлізде жалғасқан. 




Бейнежазбада Серік Сәпиевке жұрттың қатты сынмен ұрсып жатқанын байқайсыз. Ал ол болса "қызу қандылыққа салынып кеттім" деп ақталуда. Мұнан кейін екеуі қол алысып жөндеріне кетті. 

Айта кету керек, еркін күрес шебері Зелимхан мен оның бапкері Александр Гольцман спорттық жарыс кезінде ерегісіп қалғаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.