Әсет Қайыржанов тоғызқұмалақтан екі дүркін чемпион атанды

569
Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан мәресіне жеткен VI әлем біріншілігінде Әсет Қайыржанов екі дүркін чемпион атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



БҚО құрамасының тоғызқұмалақтан аға бапкері Жарасхан Сағынбаевтың айтуынша, аталмыш додаға әлемнің 20 елінен 80 спортшы қатысты.

Жарыстың соңғы күні тоғызқұмалақтың рапид түрінен жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. Әсет Қайыржанов жеңімпаз атанса, қазақстандықтар Асылхан Қожанәсіп – екінші, Нұрбек Қабиев үшінші орынға ие болды.

Осы чемпионат барысында Ә.Қайыржанов блиц түрінен де жеңіс тұғырына көтерілген еді. Сөйтіп ол екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, әлемдік жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Әлем біріншілігінде классикадан ерлер арасында қазақстандық Ғалымжан Темірбаев, әйелдерден Әсел Дәлиева топ жарды.

Блицтен әйелдер арасында Гүлжанат Алдабергенова жеңімпаз атанды. Рапидтен тағы бір қазақстандық Жәмила Байлдяшева чемпиондық атаққа ие болды.


Жалпы, біріншілік қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтың әлемде кеңінен өріс алып келе жатқанын көрсетті. Алтын медаль жөнінен өңірлер арасында биыл Батыс Қазақстан облысы алдан көрінді. БҚО-ның еншісінде екі алтын, - деді  Д.Әбдікәрімов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.