Халықаралық теннис турнирінде отандасымыз жеңіске жетті

433
Индиан-Уэллс қаласында өткізіліп жатқан халықаралық теннис турнирінде  Елена Рыбакина жеңіске жетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жарыстың кезекті күні қазақстандық Елена Рыбакина мен белорус қызы Виктория Азаренко кездесті. Матч бір жарым сағатқа созылды және  6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Осының арқасында Елена 4-айналымға шықты. Енді швейцариялық Виктория Голубичпен жолығып, ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кету керек, соңғысы іріктеу аясында тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны ұтқан болатын. Ал ерлер арасындағы сында күтпеген нәтиже тіркелді. Әлемнің ең үздік теннисшісі ресейлік Даниил Медведев рейтингде 26-шы тұрған франциялы Гаэл Монфиске есе жіберді. Бірер күн бұрын жерлесіміз Александр Бублик те сенсация жасаған еді. Ол жарыстың фавориті британиялық Энди Меррейді ұтты. Америкадағы аламан 20 наурызға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 8 миллион долларды құрайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.