ҚХЛ: Көш соңындағы «Барыс» өз айдынында «Сибирьді» жеңе ала ма

2 450

Фото: «Барыс» хоккей командасыҚұрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында астаналық «Барыс» бүгін өз айдынында «Сибирь» (Новосібір) командасын қабылдайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Барыс» — «Сибирь» матчы Қазақстан уақытымен сағат 19.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Біріншілікте 60 матчтан кейін 61 ұпай жинаған «Сибирь» Шығыс конференциясында 8-орында тұр. Ал 61 ойыннан кейін небәрі 31 ұпайы бар астаналықтар көш соңында келеді.


Соңғы бәсекеде «Барыс» Челябіде көш басындағы «Трактордан» 0:8 есебімен ойсырай ұтылды. 



«Сибирь» бұған дейін өз айдынында «Ак Барсқа» (Қазан) 3:6 есебімен жол берді. Новосібірліктер де соңғы кезде сәтсіз өнер көрсетіп, жеті матчтың біреуінде ғана қарсылас команданы ұтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.