Парижде Tim Essone турнирінде Заңғар Нұрланұлы үздік ракетка атанды

393
14 жасқа дейінгі Еуропаның теннис турнирінде Заңғар Нұрланұлы  жеңімпаз атанды - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл айтулы жарыста кезінде Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис сияқты мықтылар жеңімпаз атанған еді. Дода барысында Заңғар әуелі аустриялық Максимиллиан Хейдельмайердің меселін қайырды.

Ал жартылай финалда ливандық Даниэль Жадтан айласын асырды – 6:1, 6:2.


Шешуші матчта отандасымыз Тимео Труфеллиді жеңіп, бас жүлдені сарапқа салды.


Алғашқы сетте 7:5 есебімен жеңілгеніне қарамастан Заңғар қарсыласын екінші және үшінші партияда 6:1 есебімен жеңді. Қазақстандық жасөспірім үшін бұл Tennis Europe сериясындағы төртінші олжасы.

Қазақстан теннис федерациясының ақпаратына сүйенсек, бұл жеңістен кейін Заңғар 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Еуропаның үздік теннисшісі атанады.