Боксшы Жанқош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды

2 322

Фото: instagram/zhankoshturarovҰзақ уақыт үзілістен кейін шаршы алаңға оралатын Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың бұған дейін шаршы алаңға қайта оралатыны белгілі болды.

Боксшының қарсыласы да анықталды. Ол филиппиндік Али Канегаға қарсы жұдырықтасады.

Али Канега мансабында барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, оның 12-де жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген. Ал бір рет тең нәтиже тіркеген.

Бұл бокс кеші 5 қыркүйекте Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылғы қарашада жапониялық боксшымен өзара мықтыны анықтаған еді. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетіп, чемпиондық атағын сақтап қалды. Тұраров кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, бәрін де айқын басымдықпен ұтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.