Бақыт Ахметов: Тамаша нәтиже көрсеттік

309

Фото: Prosports.kz.Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов Ташкентте өткен Азия чемпионатын қорытындылады.

– Балалар чемпионатта қойылған мақсаттарды орындады! Ерлер құрамасы көшбасшы атанды, әйелдер құрамасы төртінші орынға ие болды – бұл тамаша нәтиже. Бір жылдық үзілістен кейін команда нағыз жарыстардың атмосферасын сағынды, әр спортшы жарысқа толығымен берілді. Тәжірибелі балалар өз деңгейлерін көрсетті, біреуінде жақсы шықса, біреуінде одан нашарлау шықты. Қалай болғанда да, біз қателіктермен жұмыс жасауға дайынбыз. Жастар қуантты – кейбір балалар үшін бұл бірінші халықаралық старт болды, олар абыржымай, әрбір мүмкіндікті пайдаланды.

– Олимпиадаға лицензияларымен жағдай қалай?

-Бүгінгі таңда барлық қатысушы елдер үшін біліктілік старты әлі аяқталған жоқ. Африка чемпионаты, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаттарынан кейін рейтингтік ұпайлар түпкілікті бөлінеді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.