36 жастағы Ольга Рыпакова Алматыдағы турнирде өзінің 17 жастағы қызымен жарысты

322

Фото: Prosports.kz.Жеңіл атлетикадан үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері, жақын күндері Токио ойындарында ел намысын қорғайтын Ольга Рыпакова қызымен бірге жарыс жолына шықты. Жанкүйерлер назарын аударған оқиға Алматыдағы Ғұсман Қосанов мемориалында болған.


Алматыдағы ірі халықаралық жарысқа Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да, оның 17 жастағы қызы Анастасия Рыпакова да қатысты. Спортшылар бір бағдарламада, яғни, ұзындыққа секіруден сынға түскен.


Анасымен бірге жарысқан Анастасия 6.08 метрді бағындырып, турнирдің қола жүлдегері атанды. Алтын медальді 6.25 метр көрсеткішімен оның анасы Ольга Рыпакова иеленді. Күміс медальді тәжірибелі спортшы Ирина Эктова еншілеген. 


Айта кетелік, Ольга Рыпакованың қызы қаңтарда өткен Қазақстан біріншілігінде жеңіске жеткен болатын. Ұзындыққа секіруден анасымен бірге жарыс жолына шыққан спортшыға көптеген жанкүйер сәттілік тіледі. Ал жарысты тамашалаушылардың тағы бір бөлігі 36 жасқа келгенше үлкен спорттан кетпей, бабын жоғалтпаған Ольга Рыпаковаға таңданысын жасырмады. 


Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы. Ол 2016 жылғы Рио ойынында Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысып, төртінші орын алған болатын. Алайда, алтын және күмісті иеленген Ресей мен Грекия спортшыларынан допинг табылып, Ольга Рыпаковаға Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі табысталды.


 Бүгінде Ольга Токиода өтетін Олимпиада ойында
рына дайындалып жатыр. Бұл тәжірибелі спортшының төртінші олимпиадасы болмақ.